Астанада пластиктен жасалған үлкен мысық мүсіні пайда болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
мысық муралы
Астанада пластиктен жасалған мысық мүсіні пайда болды / Фото: Астана әкімдігі

Астананың Орталық саябағында ала күніне арналған «Мерекелік саябақ» отбасылық фестивалінде қайта өңделген пластиктен алып мысық мүсіні құрастырылды. Астана қаласының әкімдігі бұл шараның «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ұйымдастырылғанын хабарлады.

Алып мысықты суретшілер, волонтерлер және фестиваль қонақтары бірігіп құрастырған. Бұл инсталяция саябақты безендіру мақсатын ғана көздемейді, сонымен бірге қоршаған ортаны таза ұстап, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға үгіттейді.

«Қонақтар біздің шеберлік сабақтарымызға белсенді қатысты, қалдықтарды сұрыптауға қызығушылық танытты. Жалпы алғанда, қазақстандықтар экология мәселесінде бұрынғыдан да саналы бола бастағанын айтуға болады», – дейді экотренер Мариям Қасымова.

Айта кетейік, Астана күніне орай қалада 100-ден астам шара ұйымдастырылып жатыр. Бүгін «Атырау» көпірі және Орталық саябақта Домбыра күнінен арналған мерекелік шара, «Қазақ елі» монументі алаңында «Jastar Energy» концерті және «Астана-Арена» стадионында – OPEN AIR концерті ұйымдастырылады.

Сондай-ақ оқыңыз