Назым Қызайбай әлем кубогында жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алтын салды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Назым Қызайбай бокстан әлем кубогында жеңіске жетіп, алтынға ие болды / Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

World Boxing кубогында қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

«Назым Қызайбай Әлем кубогының алтын медалі үшін үндістандық Минакшиға қарсы айқасты. Тартысқа толы жекпе-жектің қорытындысы бойынша Назым Қызайбай жеңіске жетті. Осылайша, жерлесіміз Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды», – делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз