Жанкүйерлер қатарында: Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын тамашалауға келді
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын тамашалауға келген. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр», – делінген хабарламада.
Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында 29 елдің 250 боксшысы бақ сынасты. Аталмыш рейтингтік жарыс боксшылардың олимпиадаға жолдама алуына жол ашады.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Назым Қызайбай салды. Боксшы қыз үндістандық спортшы Минакшимен сайысқан болатын.