Президент World Boxing кубогының жеңімпаздарын құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев World Boxing
Тоқаев World Boxing кубогының жеңімпаздарын құттықтады / Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев World Boxing кубогының жеңімпаздарын құттықтады. Ақорданың телеграм арнасында президенттің спортшылармен кездескен сәтінен видеоүзінді жарияланды.

Тоқаев спортшыларды құттықтап, спортшыларды қолдау үшін арнайы келіп, көргенін айтты.

«Сайысты көрдім, тамашаладым. Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ», – деді ол.

Айта кетейік, бұл сайыста Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Назым Қызайбай салды. Сонымен бірге Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін иеленді. Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болса, Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

Президент бұл қазақ спортшыларын қолдауға арнайы келген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз