Жаңалықтар

Туристік бағыттардағы жанармай бекеттерінде бензин тапшы: баға тағы көтеріле ме

Казахстанец застал работника АЗС за сливом бензина в канистру
Балқаш бағытындағы жанармай бекеттерінде бензин жоқ / Фото: kursiv.media архив

Жазғы маусымдық туристік бағыттардағы жанармай бекеттерінде бензин жоқ. Бұл өңірге саяхаттап барған жолаушылардың ашуын тудырды. Көпшілік бұл тапшылықтың астарында бағаны көтеру саясаты жатыр деп санайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеороликтерден Балқаш бағытында үлкен кептеліс пайда болғанын көруге болады. Жолаушылардың айтуынша, Балқашқа баратын жолда барлық жанармай бекетінде ұзын көлік кептелісі пайда болған, сондай-ақ кейбір бекеттерде жанармай таусыған. Бұл жүргізушілерге үлкен ыңғайсыздық тудырған.

«Балқаш бағытында жолға шықсаңыздар бензинді қамдап алыңыздар немесе қосымша жанармай тием алған абзал», – дейді видеороликтегі жүргізуші.

Айта кетсек, бүгін Балқашқа бағыт алған көліктің апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.