Актер Бақыт Қажыбаев Қытайда жүлдеге ие болды

Актер Бақыт Қажыбаев Қытайдың Чунцин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері халықаралық кинофестивалінде «Үздік актер» аталымын жеңіп алды. Оған бұл марапат «Набат операциясы» фильміндегі басты рөлі үшін берілген.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы фестивальге қатысушы мемлекеттер екі толықметражды фильмнен ұсынып, байқаудық негізгі «Алтын камелия» бағдарламасына қатысқан.
Актердің айтуынша, бұл – тек өзінің ғана емес, фильмге жан-тәнімен еңбек сіңірген бүкіл шығармашылық топтың жеңісі. Ол шынайы оқиғаға негізделген бұл хикаяны жүзеге асырудың маңызын атап өтіп, барлық көрерменге алғыс білдірді.
«Набат операциясы» фильмі 1992 жылы Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Автобустағы 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы құқық қорғау органдарының арнайы операциясы адам шығынынсыз аяқталады.
Бақыт Қажыбаев «Қағаз кеме», «Доктор мырза», Құсайыновтар. Өмір жолы», «Айнымас Айғаным», «Аналық сезім-2», «Противостояние», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Пленники» сияқты фильмдер мен сериалдарға түскен. Актердің жұлдызын жаға түскен туындылардың бірегейі «Міржақып. Оян қазақ!» сериал-фильмі. Өнер иесі бұл туындыда басты рөлді сомдаған.