ІІМ Алматы облысында арнайы операция жүргізді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
ІІМ Алматы облысында арнайы операция жүргізді

Алматы облысында жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. ІІМ арнайы операцияның барысын баян етті.

Министрлік Шу қаласынан Алматы облысына «бақыланатын жеткізу» әдісімен арнайы операция жүргізіп, Алматы облысы Қарасай ауданының «Тұрар бақшасы» елдімекенінде жұмыс істеген жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатқан.

Ақпаратқа қарағанда, синтетикалық есірткілерді өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық схеманы көрші елдің екі азаматы ұйымдастырған. Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық «мефедрон» есірткісі тәркіленген.

«Нәтижесінде айналымға құны 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 35 мың бір реттік дозаның түсуіне жол берілмеді. Сонымен қатар зертханаға жүргізілген тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді, – делінген ақпаратта.

Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланғаны айтылды.. Операция нәтижесінде қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілген. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

ІІМ бұған дейін қазақстандық бойжеткен Камбоджада құлдыққа түсе жаздағанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз