Ресей әуежайларында 400-ге жуық рейс тоқтатылды: бұл туралы не белгілі

Ресей әуежайлары Украинаның дрон шабуылынан кейін біртіндеп штаттық режимге оралып жатыр.
Интерфакс агенттігінің мәліметінше, Сочиде кешіктірілген рейстер саны Мәскеу уақытымен 15:00-де 28-ге дейін кеміген.
Ал 12:00-дегі жай бойынша Мәскеуде 40 әуе рейсі кешігіп жатқаны хабарланған.
Ал Калиниградтағы «Храброво» әуежайында 20-дан астам рейс кешіккен.
6 шілде, жексенбі күні Ресейде кемінде 393 әуе рейсі тоқтатылып не кешіктірілген. болатын.
Росваиация Санкт-Петербург және Нижний Новгородтағы әуежайларда қауіпсіздік мақсатында шектеулер енгізілгені туралы хабарлады. Ресей әскері ел аумағында 50-ге жуық дрон атып түсірілгенін мәлімдеген.
Шектеулер Мәскеудегі Шереметьево, Санкт-Петербургтегі Пулково және Нижний Новгородтағы Чкалов (Стригино) әуежайларын қамтыған. Сонымен қатар, Иваново, Калуга, Псков, Тамбов және Ярославль әуежайлары да уақытша рейстерді қабылдауды тоқтатқан. РФ Көлік министрлігі мен Росавиация бұл шаралар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалғанын атап өткен.
5 шілде күні Шереметьево, Пулково және Чкалов әуежайларында 250-ден астам рейс тоқтатылып, 270-тен астам рейс кешіктірілген. «Коммерсантъ» газетіне сұхбат берген сарапшылардың бағалауынша, Ресейдегі екі күндік әуе қатынасының тоқтауы әуе компанияларына шамамен 20 миллиард рубль шығын келтіруі мүмкін.
Осыдан кейін Ресей президенті Владимир Путин елдің көлік министрі Роман Старовойтты қызметінен босатты. Путин жарлығында отставка себебі көрсетілмеген.
Ал бүгін Ресей Украинаның Харьков пен Запорожье облыстарында әскери коммиссариаттарға дронмен шабуыл жасаған. Украина бұл шабуылдар мобилизацияны тотатуға бағытталған деп санайды. Бұл шабуылдан прокуратура қызметкері қаза тапқаны хабарланды.