Ташкентте 157 жылда болмаған ыстық тіркелді

Шілде айында Өзбекстан астанасы Ташкентте жаңа температуралық рекорд тіркелді, деп жазды Anonsoz порталы.
Басылым мәліметінше, ел астанасында ауа +43,5 градусқа дейін ысыған.
«Мұндай көрсеткіш осы күнге дейін 1868 жылдан бергі бақылау кезеңінде алғаш рет тіркеліп отыр», – делінген хабарламада.
«Өзгидромет» мәліметінше, рекорд Ташкент қаласындағы «Ташкент-обсерватория» метеостанциясында тіркелген. 157 жылдық метеобақылау тарихында 4 шілдеде ауа температурасы мұндай деңгейге алғаш рет жеткен.
Алайда басылымның бұл ақпаратты желіде күмән тудырды. Желі қолданушылары шынайы ауа температурасы бұдан да ыстық екенін, оны жасыратынын айтады. Бір қолданушы үйінің көлеңке жағында орналасқан термометр 46 градус көрсеткенін жазған. Көп қолданушы кемі 50 градус болғанын айтып жатыр.
Бұған дейін, демалыс күндері Қазақстанның кей өңірлерінде 45-46 градусқа дейін ыстық болатынын жазғазбыз. Осындай аптапта ыстықтың өтуінен сақтанған жөн. Мамандардың сөзінше, ыстықтың өтуі күн өтуімен бірдей емес.