Астанада жедел жәрдем көлігі жол апатынан аударылып қалды
Жарияланды

7 шілде күні Астанада Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен ауыр жол апаты болды. Бұл туралы zhest_kz_official телеграм арнасы хабарлады.
Жедел қызмет көлігі Hyundai автокөлігімен соқтығысып, бір жағына аударылып түскен.
Апат салдарынан екі адам жарақат алған. Полицияның мәліметінше, жарақат жеңіл болған, дәрігерлік тексерістен кейін олар үйлеріне жіберілген.
Оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайды анықтап жатқаны хабарланды.
Бұған дейін, Астанада бір күнде төрт бала терезеден құлап кетіп, дәрігерлер азаматтарға үндеу жасаған.