Қапшағайда депутаттың көзінше адам суға батып кетті. Полиция демалыс орнын тексереді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қапшағайда депутаттың көзінше адам суға батып кетті, полиция демалыс орнын тексереді/Фото: shutterstock

Кеше кешке қарай Қапшағайдағы жағажайлардың бірінде әйел адам суға батып кетті. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек кездейсоқ жағдайдың куәсі болып қалған.

Instagram-дағы taldykorganec_kolesa парақшасында жарияланған видеода депутат жағажайда медициналық қызмет болмағанын, құтқарушылар кешігіп келгенін айтады.

Видеода құтқарушылардың «әйел адам суға түсуге рұхсат етілген аймақтан асып кетті» деп жатқаны естіледі.

Алматы облысының полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Департамент жағажайда құтқару техникасы мен кезекші құтқарушылардың бар-жоғы, демалыс аймағының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі анықталып жатқанын жеткізді.

Полиция азаматтарды су айдынында демалу кезінде өте сақ болуға және шомылу үшін толық жабдықталған әрі күзетілетін орындарды ғана таңдауға шақырады.

Бұған дейін, Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылы маңындағы Сайрам су өзенінде 27 жастағы әйел суға батып қайтыс болған. Марқұм отбасымен өзен жағасына демалуға барған.

Сондай-ақ оқыңыз