Түркістанда жанармай бекетінде жарылыс болды

Түркістан облысында жанармай бекетінде жарылыс болып, сұйық отын таситын көлік жүргізушісі зардап шеккен.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 29 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр екенін хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 90%-ын күйік шалған.
Оқыс оқиға Тұрбат ауылы маңында тіркелген. Жарылыс жанармай таситын жүк көлігінен сұйық отын төгу кезінде болған. Жалын іргелес үйді, сауда орталығы мен дәріхананы да шарпып, көлемі 855 шаршы метрге дейін жеткен.
Өртті сөндіруге екі сағаттан астам уақыт кеткен. Оған 39-ға жуық құтқарушы, 11-ден астам техника, полицейлер мен әкімдік қызметкерлері жұмылдырылған.
Жарылыс себебі анықталу үстінде.
Бұған дейін, СҚО-да қытайлық компания иелік ететін кәсіпорында жарылыс болып, 9 адам зардап шеккен.