Мал өсіретін шаруаларға 100 млрд теңге арзан несие берілмек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда фермерлерге арналған екі жаңа несие бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Жаңа бағдарламалар арқылы ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 100 млрд теңге бөлінеді. Министрдің айтуынша, бұл қаржы мал шаруашылығын дамытуға және фермерлерге жұмыс істеуге қажет айналым қаражатын алуға көмектеседі. Бірақ бағдарламалар нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Бірінші бағдарлама бойынша 50 млрд теңге асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ мал сатып алуға беріледі. Фермерлер бұл қаржыны жылына 5% мөлшерлемемен ұзақ мерзімге несие ретінде ала алады.

Екінші бағдарлама аясында тағы 50 млрд теңге шаруаларға айналым қаражатын (мысалы, жем-шөп, жанармай, дәрі-дәрмек сатып алуға) жеңілдетілген несие түрінде беріледі. Бұл несиенің де пайыздық мөлшерлемесі жылына 5%-дан аспайды.

Осыған дейін Қазақстан Үкіметі шаруаларға қаржылай қолдау көлемін тағы да көтеруге уәде берген еді. Шаруалар мемлекеттен 1,4 трлн теңгеге дейін көмек ала алатынын жария еткен болатын

Сондай-ақ оқыңыз