Маңғыстау облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Жарияланды

Маңғыстау облысының экс-әкімі Алик Айдарбаев «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС-ның бас директоры қызметіне тағайындалды.
Алик Айдарбаев – Қазақстанда мұнай-газ саласында және мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жылдық тәжірибесі бар тұлға. Бұған дейін ол «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істеген. Маңғыстау облысының экс-әкімі болған.
Соңғы уақытта Айдарбаев «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» компаниясында теңіз жобалары жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.
Kalamkas-Khazar Operating – Каспий теңізіндегі Қаламқас-Хазар кен орындарын игеру жобасына жауапты оператор.