3,9 млн теңгеден асатын тұтынушылық кредит алғанда жұбайының рұқсаты қажет

Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) ірі тұтынушылық несие берген кезде ғана жұбайының келісімін сұрайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.
2025 жылдан бастап, егер клиент 3,9 миллион теңгеден (яғни 1000 АЕК) жоғары тұтынушылық несие алса, онда банк немесе МҚҰ оның жұбайынан жазбаша келісім сұрайды. Ал басқа несие түрлері үшін жұбайының келісімі керек емес.
Сондай-ақ, мынадай жағдайда келісім қажет етілмейді:
- егер жұбайы қоса қарыз алушы болса;
- немесе жаңа несие бұрынғы қарызды жабуға арналған болса (сол банк немесе МҚҰ берген).
ҚНРДА бұл өзгерісті 2024 жылдың 1 қыркүйегінде қабылданған қаулыға енгізген. Яғни сол күннен бастап 1000 АЕК-тен жоғары несие алу үшін жұбайының келісімі міндетті болған.
Қазір ҚНРДА халықтың шамадан тыс қарыз алуын азайту үшін түрлі шара қабылдап жатыр. Мысалы, егер несие сомасы 150 АЕК-тен асса (шамамен 589 мың теңге), онда банк ақшаны қарыз алушыға 24 сағат өткеннен кейін ғана береді. Бұл уақыт ішінде адам ойланып, шешімін нақтылай алады.