
Белгілі әзілкеш, блогер Елдос Қадырханов (желіде «Колобок» лақап атымен танымал) жұбайымен бірге көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ерлі-зайыптылар 10 жылдан астам уақыт бойы балалы болуды армандаған.
Елдос отбасы мен жақын достарының қатысуымен гендер-пати ұйымдастырып, көпшілікке болашақ баласының ұл болатынын жария етті. Әлеуметтік желіге жүктелген бейнекадрлар желі қолданушыларын тебірентіп, мыңдаған жылы пікірлер мен құттықтауларға толы болды.
Блогердің өзі осы қуанышты сәтке оңай жетпегенін жасырмайды. Бұған дейін, қыста, Елдос Түркияда бедеулікке қарсы ота жасатқанын айтқан болатын.
Түркияда операция небәрі 20–30 минутқа ғана созылады екен. Ал Астанада 3,5 сағатқа созылды. Дәрігерлер үмітін үзе бастаған еді. Хирургтың айтуынша, ең маңызды тұс мүлде бітеліп қалған. Мұндай жағдайларда әдетте ол жерді ашпайды да. Қажетті құралды сұрағанда, ассистенттер тіпті дайындамаған болып шықты. Құрал келген соң кескен кезде бір дыбыс шығып, бәрі бұрқ ете қалды. Эмбриологтарға тапсырғанда олар бірден қозғалмалы жасушаларды көрді. Бұрын менде ондай мүлде болмаған еді, – деп еске алған Елдос.
Бұл қуанышты оқиға желіде үлкен қолдау тапты. Журналист Ләйлә Сұлтанқызы да бұл жаңалықпен бөлісіп, өзінің қоры қолдау көрсеткенін айтты.
«Ұзақ жасырған едік. Алланың қалауы, халықтың тілеуі, @ecomed.astana дәрігерлерінің және @mariyam_fund_kz қорының қолдауының нәтижесі. Аз қалды… Бәріміз сені күтудеміз, Елдосұлы. Құдай тек тіл-көзден сақтасын!» — деп жазды Сұлтанқызы.
Еске сала кетейік, бұған дейін блогер Жека арықтау үшін Айтым Жакуповтың Janamen бағдарламасына барды.