Динозаврлар Брэд Питті басып озды: соңғы аптада ең көп касса жинаған фильмдер

Жарияланды 8 Шілде 2025 11:23

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
F1 фильмі екінші аптада 251 076 803 теңге жинады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандық көрермендер арасында өткен аптада голливудтық блокбастерлерге сұраныс артты. Алайда ел аузында жүрген Брэд Питт ойнаған Formula 1 туралы спорттық драма екінші орынға жайғасты. Көш басында — динозаврлармен оралған әйгілі «Юра дәуірінің әлемі» франшизасының жаңа бөлімі.

1. «Юра дәуірі: Қайта өрлеу» — 316 млн теңге (1 апта)

Динозаврлар экранды қайта жаулап алды. Танымал франшизаның жалғасы — «Юра дәуірі: Қайта өрлеу» еліміздегі прокатта ең көп касса жинап, бір апта ішінде 316 636 112 теңге тапты.

2. F1 — 251 млн теңге (2 апта)

Танымал голливудтық актер Брэд Питт ойнайтын F1 фильмі екінші аптада 251 076 803 теңге жинап, екінші орында тұр. Спорттық драмада Питт — «Формула-1»-дің ардагері, жас пилотты чемпионатқа дайындайды.

Variety басылымының мәліметінше, F1 — Apple үшін ең табысты фильм атанды. Әлемдік прокатта 10 күн ішінде 293 млн доллар жинаған.

3. Айдаһар мінген шабандоздар — 52,8 млн теңге (5 апта)

Үшінші орында — анимациялық классикаға айналған «Айдаһар мінген шабандоздар». 5 аптадан бері экраннан түспеген туынды бұл жолы 52 860 860 теңге жинап отыр. Отбасылық форматтағы фильм әлі де сұранысқа ие екендігін дәлелдеді.

Freedom Ticketon мәліметінше соңғы аптада ең көп касса жинаған фильмдер:

ОрынФильм атауыЖинаған табысАпта саны
1Юра дәуірі: Қайта өрлеу316 636 112 ₸1 апта
2F1251 076 803 ₸2 апта
3Айдаһарды қалай үйретуге болады52 860 860 ₸5 апта
410239 297 310 ₸1 апта
5Элио33 266 545 ₸3 апта
6Биік сезім31 565 430 ₸3 апта
7Қара дуба26 435 240 ₸2 апта
8Тоқты мен Серке21 986 874 ₸1 апта
928 жыл өткен соң15 476 500 ₸3 апта

Айта кетейік, алдыңғы апталарда «Айдаһар мінген шабандоздар көш бастап тұрған еді.

Сондай-ақ оқыңыз