«Қайрат» – «Олимпия»: Чемпиондар лигасының іріктеу ойынын қайдан көруге болады
Жарияланды

Бүгін, 8 шілде күні, алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасында жорығын бастайды. Алғашқы іріктеу кезеңде «Қайрат» Словенияның «Олимпия» командасымен кездеседі.
Матч Словения уақытымен 19:00-де, ал Алматы уақытымен 22:00-де басталады. Ойын Люблянадағы «Стожице» стадионында өтеді. Кездесуді грек төрешісі Христос Вергетис жүргізеді.
Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Кинопоиск платформасынан (сайт немесе мобильді қосымша арқылы), сондай-ақ Q League телеарнасынан тамашалай алады.
Ал қарымта ойын 15 шілде күні сағат 20:00 де Алматының Орталық стадионында өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылып жатыр.
Еске сала кетейік, «Қайрат» футбол клубынан бөлек Еурокубоктарда «Астана» «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтары да өнер көрсетеді.