Уимблдондағы үміт: үш қазақстандық теннисші ширек финал жолдамасы үшін таласады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1111-9-1024x618.jpg Зангар Нурланулы и Дамир Жалгасбай вышли в 1/8 финала юниорского Уимблдона-2025
Уимблдон: үш қазақстандық теннисші ширек финалға таласады / фото: wimbledon.com

Ұлыбританияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Уимблдон–2025 турнирінде жұптық сайыста қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр. Жекелей сында бірде-бір теннисшіміз ірі жетістікке жете алмаса да, жұптық бәсекеде еліміздің атынан үш ойыншы 1/8 финалға жолдама алды.

Зангар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай америкалық Райан Козад / Максимус Дюссо дуэтіне қарсы тең дәрежелі әрі тартысты матч өткізді. Бірінші сетте 7:5 есебімен жеңіске жеткен қазақстандықтар екінші сетті тай-брейкте 3:7 есебімен беріп қойды. Алайда шешуші супертай-брейкте 10:7 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Ширек финал жолдамасы үшін Нұрланұлы мен Жалғасбай британиялық Оливер Бондинг және америкалық Джаггер Личке қарсы ойнайды. Бұл жұп бірінші айналымда марокколық Карим Беннани мен швед Людвик Фредрик Хедені 6:2, 7:6 (8:6) есебімен жеңген болатын. Айта кетейік, Бондинг пен Лич жұптық сында сегізінші нөмірмен тіркелген.

Қазақстандық теннисшілердің жеңісті жолын Әмір Омарханов жалғастырды. Ол ресейлік Егор Плешивцевпен бірге жұп құрып, америкалық Мэттис Фарзам / Гэйвин Гуд дуэтін 6:3, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Екінші сетте қарсыластар брейк қайтарып, есепті теңестіргенімен, шешуші геймдерде Омарханов пен Плешивцев басымдықты қайта қолға алды.

Келесі айналымда Әмір мен Егорға мықты қарсылас — екінші нөмірмен тіркелген Тимофей Дерипаска (Ресей) және Якопо Васами (Италия) жұбы қарсы тұрады. Бұл дуэт алғашқы матчында колумбиялық Алехандро Аркилья мен америкалық Доминик Мосейчукті жеңген.

Еске сала кетейік, бұған дейін жекелей сында өнер көрсеткен Елена Рыбакина, Александр Бублик және т.б теннисшілердің барлығы жарыс жолынан шығып кетті.

Сондай-ақ оқыңыз