Жамбыл облысында жер сілкінді

Жамбыл облысында жер сілкінді. Бұл туралы «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылғы 8 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да жер сілкінісін тіркеді», – делінген баспасөз хабарламасында.
ТЖМ хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 334 км жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің қуаты мынадай болған:
Кұлан ауылы – 6 балл;
Меркі ауылы – 5 балл;
Шу қаласы – 3 балл;
Сарыкемер ауылы – 3 балл;
Төле би ауылы – 3 балл;
Тараз қаласы – 3 балл;
Аса ауылы – 2 балл;
Мойынқұм ауылы – 2 балл;
Қордай ауылы – 2 балл;
Бауыржан Момышұлы ауылы – 2 балл;
Қаратау қаласы – 2 балл;
Тұрар Рысқұлов ауылы – 2 балл.
Айта кетсек, 23 маусымда Абай облысында жер сілкінген болатын. Ал оның алдында Талдықорған қаласында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелген.