Соңғы 12 айда қазақстандықтардың 4 пайызы балгерлерге жүгінген

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Балгерлерге жүгінгендердің арасында болашағын ChatGPT-ден сұрағандар да кездескен / фото: shutterstock
Балгерлерге жүгінгендердің арасында болашағын ChatGPT-ден сұрағандар да кездескен / фото: shutterstock

Соңғы 12 айда қазақстандықтардың 4 пайызы балгерлерге жүгінген. Ал респонденттердің басым бөлігі – 89,1%-ы оларға сенбейді.

Urtg сараптама орталығы әлеуметтік зерттеу жүргізіп, қазақстандықтардың қаншасы балгерлерге, көріпкелдерге сенетінін анықтапты.

Орталықтың мәліметінше, халықтың төрт пайызы оларға сенеді екен.

«Соңғы 12 ай ішінде бал ашу, болашақты болжау, эзотерика және мистикалық тәжірибелер саласындағы қызметтерді ұсынатын адамдарға жүгінгендердің үлесі – 4%», – деп көрсетілген зерттеуде.

Сұралғандардың 89 пайызы сенбейді

Зерттеуге қатысушылардың 2,7%-ы бақсы-құшынаштарға жүгінуден кет әрі емес екенін айтқан.

3,6% респондент мұндай қызметтерге 12 айдан бұрын жүгінген. Ал респонденттердің басым бөлігі – 89,1% – ешқашан мұндай қызметтерді пайдаланбаған және пайдалануды жоспарламайды.

Сенетіндердің жас ерекшелігі

18–29 жас аралығындағы жастар арасында эзотерикалық қызметтерге жүгінетіндер көп болып шықты – 6,4%. Орта жаста (30- 44 жас) – 3,9%, ал 45–59 жас арасында – 3,5%. Ал егде жастағылар арасында мұндай қызметке жүгінгендер – 1,6%.

Тұрғылықты жері

Қалалық тұрғындардың 4,5%-ы, ал ауыл тұрғындарының 3,5%-ы эзотерикалық қызметтерді пайдаланыпты.

Жынысы

Әйелдердің 5,6%-ы, ер адамдардың 2,2%-ы бал аштырған.

Кімдерден болашағы туралы сұрайды?

Соңғы 12 ай ішінде көріпкелдердің ішінде тұрғындардың:

33,6% – тарологтарға,

25,4% – астрологтарға,

16,7% – экстрасенстерге барған.

Ал 12,9% емшілерге қаралған.

Қызметке жүгіну себептері қандай?

Сұралғандардың дені оларға не үшін барғандарын да айтып берген.

Таролог – қызығушылық (38,9%), маңызды сұрақтарға жауап іздеу (36,6%);

Астролог – денсаулық (37,6%), болашақты білуге құштарлық (34,7%), қаржылық қиындықтар (31,4%);

Экстрасенс – көз тию, дуалау, негативтен арылу (47,3%), болашақты білу (40,5%), жауап іздеу (36,3%);

Нумеролог – қызығушылық (70,8%);

Бақсы-балгер – қызығушылық (33,3%);

Емші  – жауап беруге қиналды (34,2%), сондай-ақ «көз тиюден қорғану», «энергияны жақсарту«;

Шаман – болашақты білу (48,5%);

Болжамшы – қызығушылық (43%), болашақты білу (42,8%);

Рунолог – болашақты білу (76,4%), қызығушылық (61,4%), жауап іздеу (61,4%).

Кімдерге қызығушылық бар?

Соңғы 12 айда мұндай қызметке жүгінбеген, бірақ қызығушылық танытқан респонденттердің арасында:

19,6% – астролог,

19,5% – нумеролог,

16,3% – тарологқа жүгінуге дайын екенін айтқан.

Емшілер мен ChatGPT-дан да болашағын сұрағандар бар екен. Сонымен қатар респонденттердің 19,2%-ы нақты кімге жүгінетінін айта алмады. Арасында бас тартқандар да кездескен.

Қызығушылық деңгейі

Астролог – қызығушылық (41,5%);

Нумеролог – болашақты білу (45,4%);

Таролог – болашақты білу (33,5%);

Емші/ChatGPT – денсаулық (34,3%);

Экстрасенс – болашақты білу (52,2%), көз тию, дуалау, негатив (38,1%);

Бақсы-балгер – таныстарының ұсынысы (47,3%);

Шаман – көңіл көтеру (47,4%), қызығушылық (43,2%);

Рунолог – денсаулық (100%);

Болжамшы – маңызды сұрақтарға жауап іздеу (100%).

Көріпкелдерге сенбейтіндер кімдер?

Мұндай қызметтерге ешқашан жүгінбеген және жүгінуді жоспарламайтын адамдардың негізгі себептері:

Қажеттіліктің болмауы – 43,1%,

Рационализм (логика мен ғылымға сенім) – 28,1%,

Мұндай мамандардың қабілетіне сенбеу – 27,6%.

2,2% жауап беруге қиналса, «басқа» себептер (2,7%) қатарында тек «өзіме сенемін» деп көрсеткендер де бар.

Мұның алдында қостанайлық әйел күйеуін қайтарып беруге уәде берген көріпкелді сотқа бергені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз