
Нумеролог Алина Короленко әйелдерді Бурак Өзчивит секілді жігіттерге қызықпауға шақырды. Ол мұның себебін талдап берген.
Украиналық жұлдызшы Алина Короленко талай әйелдердің жүрегін жаулаған танымал түрік актерін «табанының бүрі жоқ» деп атады.
«Екі психопат бір-бірін жақсы тапқан»
«Бурак Өзчивитті жақсы көретін адамдар оны телехикаядағыдай деп ойлайды. Мен оның барлық телехикаяларын көріп шықтым», – дейді нумеролог.
Сөз жоқ, Алина Короленко Бурак Өзвичиттің өте сымбатты, келбетті еркек екенін мойындайды. Сонымен қатар дарынды актер екені де рас.
«Бірақ ол адам ретінде өте сұмдық. Фахрие Эвджен екеуі бақытты. Мен олардың үйлесімділігін есептеп көрдім. Олар бірін-бірі өте жақсы тапқан. Екеуі де – ұшқалақ психопаттар. Психикасының орнында эмоционалды батпақ десек те болады», – дейді нумеролог.
Әдемі еркектер бар
Алина Короленконың есептеуінше, Бурак Өзчивит тек өзін ғана көретін адам. Өзіне ғана желігеді. Десе де, бұл әдемі жігіттердің бәрі де осындай деген сөз емес.
«Мәселен, Деймон Сальваторе секілді әдемі жігіттер бар. Өте әдемі болса да, өзін еркек ретінде ұстайды. Ал Бурак Өзчивит өзінің «керемет, күшті» екенін ұдайы растап отыруды қалайды», – дейді Алина Короленко.
Нумерологтың сөзіне сенсек, ол тек өзіне табынатындарға ғана, күле қарайды. Олай болмаса, ешкімді де көзіне ілмейді.
«Жан-дүниесінде ібіліс отыр»
«Бұл адамның жан-дүниесінде ібіліс отыр. Император. Манипулятор. Фахрие екеуі – керемет жұп. Оның келбетінен басқа, еркектік қасиеттері мүлде жоқ. Адам ретінде онша емес», – деп ой қорытады нумеролог.
Десе де, бұл пікір жұртшылықты екіге жарып отыр. Біреулер нумерологтың сөзіне күмәнмен қараса, екіншілері иланғанын білдірген.
Айта кететін жайт, Бурак Өзчивит наурыз айында Қазақстанға келіп, жанкүйерлерімен кездескен еді.