Алексей Ли, Виктория Торгунакова, Аюна Вальтер – жаңа буын көшбасшылары

Жарияланды 8 Шілде 2025 15:45

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Freedom Holding Corp. құрамындағы Freedom Travel мен Freedom Ticketon компаниясында басшылары ауысты. Бұрын ол лауазымда Аюна Вальтер, Виктория Торунакова болған еді. Олар – нарықта танымал стартаптар құрған, нарықты жақсы танитын көшбасшылар. Freedom Travel-дің қалыптасуына көмектескен буын жайлы қысқаша анықтаманы ұсынамыз.

Виктория Торгунакова

Виктория Торгунакова – Freedom Ticketon компаниясының бас директоры (CEO) болған, Қазақстандағы электронды билет нарығының көшбасшысы. Ол магистратураны маркетинг-менеджмент мамандығы бойынша UIB-де (Халықаралық бизнес университеті) тәмамдаған.

2015 жылы шамамен 23 жасында Ticketon жобасына даму директоры ретінде қосылып, бірнеше жыл ішінде компанияның табысын 15 есе арттыруға ықпал етті. Кейінірек ол компанияның толық басқаруына келіп, бүгінгі таңда Орталық Азиядағы ең ірі электронды билет платформасын басқарып отыр.

Freedom Ticketon Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан нарығында жұмыс істейді. 2022 жылы компанияны Freedom Holding Corp толығымен сатып алған. Компанияның негізгі табысы – онлайн билет сатудан түседі. 2012 жылдан бері 12 миллионнан астам билет сатылып, қазіргі таңда ай сайын 300 мың билет өткізіледі. 2023 жылы Ticketon-ның қаржылық көрсеткіштері алдыңғы жылмен салыстырғанда 60%-ға өскен.

Торгунакова 2020 жылғы пандемия кезінде компанияны нарықта ұстап тұру үшін автоконцерттер мен ашық аспан астындағы кинотеатрлар форматтарын іске қосқан. Сонымен қатар, ол ірі концерттер ұйымдастырып, Rammstein, Макс Корж сынды танымал артистердің шоуын Қазақстанда өткізіп, рекордтық сатылымға қол жеткізген.

Виктория Торгунакова – Forbes Kazakhstan журналының «30 жасқа дейінгі 30 үздік көшбасшы» тізіміне енген кәсіпкер. Ол TechnoWomen ұйымының мүшесі ретінде IT және технология саласындағы әйелдердің көшбасшылығын қолдайды. Жеке қаржы мәдениетін де белсенді насихаттап, әр адам табысының кемінде 10%-ын жинауға кеңес береді.

Аюна Вальтер

Аюна Бақытбекқызы Вальтер – белсенді IT-жетекші, онлайн саяхат агенттігі Aviata.kz (қазіргі Freedom Travel) директоры. Ол 2007 жылы «Авангард немцев Казахстана» бағдарламасымен бірге Қазақстан-Неміс университетіне грантпен түсіп, қаржы мамандығы бойынша білім алған.

Университетте білім алмай жатып қоғамдық ұйымда тәжірибе жинақтаған, ал біраз уақыттан кейін ол қауымдастықтағы қаржы-менеджерлік қызметтерді атқарған. Aviata-ның ісіне ол бастамашы команданың мүшесі ретінде қатысып келіп, 2021 жылы бас директор болды. Компания бірнеше жыл үздік онлайн travel агенттігі ретінде Forbes рейтингіндегідей танылып, Аюна оның процестерін жүйелеп, қолданушыға сапалы қызмет жеткізуге басымдық берген.

2023 жылы Freedom Holding Corp құрамына кіргеннен кейін Аюна платформаны кешбэк, роуминг, туристік сақтандыру сынды экожүйеге айналдыруды бастаған. Сонымен қатар, ол TechnoWomen қауымдастығында әйелдерге қолдау көрсетеді және корпоративтік мәдениетті аймақтық деңгейде дамытуды мақсат тұтады

Алексей Ли

Алексей Ли — Қазақстандағы IT саласындағы көрнекті кәсіпкер, бірнеше сәтті digital-жобалардың негізін қалаушы әрі жетекшісі. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде білім алған.

2012 жылы серіктестерімен бірге Ticketon.kz билет сату сервисін іске қосты.

2014 жылы ол Aviata.kz онлайн-авиа және теміржол билеттерін сату сервисін құрды. Бұл жоба 2019 жылы Chocofamily холдингіне сатылды. 2018 жылдың ортасында Алексей Arbuz.kz онлайн супермаркетін сатып алып, бір жыл ішінде платформаны түбегейлі жаңартып, сатылымды 90 есеге арттырды. Күнделікті тапсырыстар саны бірнеше мыңға жетіп, айлық табыс 1 млрд теңгеден асты. 2021 жылдан бастап Arbuz халықаралық нарықтарға, атап айтқанда Бельгия мен АҚШ-қа (Денвер қаласына) Pinemelon брендімен шықты.

2024 жылдың қыркүйегінде ол Freedom Holding құрамына қайта оралып, Aviata, Ticketon және Arbuz сервистерін біріктіретін «Lifestyle» бағытына жауапты болды. Оның басты міндеті — осы сервистер арасындағы синергияны күшейтіп, әрқайсысына арналған даму стратегиясын әзірлеу және тұтас экожүйені ілгерілету.

Еске салайық, бүгін Freedom Holding Corp. құрамындағы Freedom Ticketon мен Freedom Travel компанияларының басшылары ауысты. Бұл компаниялар холдингтің Freedom Lifestyle бағытына кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз