Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар дәрілердің бағасы төмендейді

Фото: ашық дереккөзден

Нарықтағы бағасы қымбат және әлеуметтің маңызы бар препараттар бағасы төмендей түседі. Денсаулық сақтау министрлігі «Химфарм» АҚ, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС және «АстраЗенека Қазақстан» ЖШС сияқты жетекші фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады.

«Жетекші отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялармен меморандумдар жасасу біздің сындарлы өзара іс-қимыл мен әлеуметтік жауапкершілікке жалпы дайындығымызды көрсетеді. Мұндай бастамалар фармацевтикалық нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға, пациенттердің қазіргі заманғы препараттарға қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ инвестициялық ахуалды дамытуға және өндірісті оқшаулауға ықпал ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Осы келісім аясында бірқатар өмірлік маңызды препараттардың бағасын төмендеуі қажет. Ол миллиондаған науқасты қолдауға мүмкіндік береді.

Johnson & Johnson компаниясымен меморандум шеңберінде жұлынның бұлшықет атрофиясын – сирек кездесетін, бірақ прогрессивті және өмірге қауіп төндіретін ауруды емдеу үшін қолданылатын Спинраза (Нусинерсен) препаратының баға саясатын қайта қарауға келісті.

Ал «Химфарм» АҚ 2 типті қант диабетін емдеу үшін қолданылатын Дапаглифлозин препаратының сатып алу бағасын төмендетуге дайын екенін растады. Бұл әлемдегі ең көп таралған инфекциялық емес аурулардың бірі, Қазақстанда 520 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады, оның 492 335-і 2 типті ҚД-ға келеді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев дәрі-дәрмектің бағасы 30%-ға арзандауы мүмкін деп мәлімдеген.