Армения парламентінде төбелес болды (видео)

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Армян парламентіндегі төбелес кезінде түсірілген видео тез таралды / скриншот
Армян парламентіндегі төбелес кезінде түсірілген видео тез таралды / скриншот

Сейсенбі, 8 маусымда, Армения парламентінде төбелес болды. Билік басындағы партия мүшелері оппозициядағы саясаткер Артур Саркисянға жабылды. Бұл туралы жергілікті News.am хабарлады.

Басылымның мәліметінше, заң шығарушы органның сейсенбідегі жиынында Саркисянға қарсы қылмыстық іс қозғауға рұқсат беру-бермеу мәселесі талқыланған. Оппозиционер парламентте сөйлеп, осы іс бойынша шешім баяғыда қабылданып қойғанын айтқан. Содан кейін депутат бұл жерде қалудың маңызы қалмағанын мәлімдеп, есікке қарай беттеген.

Парламентте басымдыққа ие «Азаматтық келісім» фракциясының депутаттары оған қарай айқайлап, тағы бірнешеуі Саркисянға жұдырық ала жөнелген.

Армян парламентіндегі төбелес кезінде түсірілген видеолар әлеуметтік желілерге тез тарап кетті.

Артур Саркисян «билікті күшпен басып алуға, террористік акт дайындауға қатысты» деп айыпталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз