Қазығұрттағы жанар-жағармай бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
Алматыдағы Рысқұлов көшесі бойында «Сауран» базары өртенді
Қазығұрттағы жанар-жағармай бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды / Фото: pixabay.com

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы жанар-жағармай бекетінде жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kursiv.Media-ға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал жарылыстан шыққан өрттен күйік күйік шалған жүргізушінің хәлі әлі де ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқас жан сақтау бөлімінде жатыр.

7 шілде күні Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы жанар-жағармай бекетінде жарылыс болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жанармай тасымалдайтын көліктен бензин құю кезінде газ жарылып, өрт шыққан. Жанар-жағармай бекеті ауыл ішінде орналасқан.

Жарылыс кезінде айналасындағы сауда үйі, дәріхана мен тұрғын үй де өртке оранған. Қазір айнала күл талқаны шығып жатыр. Өртке оранған бекет те, өзге де ғимараттар қираған, айналасын тергеушілер қызыл лентамен қоршап қойған. Өрт болған аймақты полиция күзетіп тұр.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс кезінде 29 жастағы жанармай тасушы көліктің жүргізушісі күйік шалғанын мәлім еткен. Қазір ол Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы әлі де ауыр.

“Науқасты кезекші травматолог пен реаниматолог қарап шыққан. Ол шұғыл түрде жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Жалыннан болған IIIА–IIIБ дәрежелі термиялық күйік алып, денесінің 85–90%-ын күйік шалған. Жағдайы өте ауыр, травматикалық шок байқалуда. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күресіп жатыр», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өрттің жалпы ауданы 855 шаршы метр. Өртті сөндіруге облыс және Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қырықтан аса қызметкері тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз