Ешкім ақша жымқырған жоқ – Перизат Қайрат
Жарияланды

Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпқа келіспейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол сот процесі барысында айтты.
UranNews телеграм каналында жарияланған видеода Перизат Қайрат айыпқа келіспейтінін жеткізген.
«Іске қатысты толық ақпарат бере алмаймын. Қазірге дейін іске қатысты жауап берген жоқпын. Ешкім ақша жымқырған жоқ, мұны сотта сіздер де көресіздер. Мені 3,5 млрд теңге жымқырды деп айыптап отыр. Бұл (қор) ашылғаннан бастап айналымда болған ақша. Мұны су тасқыны кезінде жиналған ақша деп көрсетіп отыр», – дейді Перизат Қайрат.
Айта кетейік, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс ішінара жабық өтетін болды.