Перизат Қайрат соты басталды

Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот басталды.
Астана сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың 9 шілдесінде қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.
«Бүгін өтінішхаттар қаралып жатыр. Сот сот отырысын ашық не жабық өткізуге қатысты шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2024 жылдың 14 қарашасында «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ұсталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинаған. Ол бұл қаражаттар мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалатынын айтқан.
Тергеу амалдарының нәтижесіне сай, жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құраған.
Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс 2025 жылдың 30 маусымында сотқа жіберілді. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады.