Жаңалықтар

Перизат Қайрат сотқа журналистердің қатысуына қарсы болды

Перизат Қайрат сотты ашық өткізуге қарсы болды/фото: instagram

Астана сотында Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева сот процесінің ашық өтуіне қарсы болды. Сондай-ақ өздерін фото, видеоға түсіруге қарсылық білдірді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Айта кетейік, қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Айта кетейік, 2024 жылдың 14 қарашасында «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ұсталды.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 2025 жылдың 9 шілдесінде өтті. Сот сот отырысын ашық не жабық өткізуге қатысты шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.