Алматыда тауға кеткен бала табылмай жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер қажет
Жарияланды

Алматыда тауға кеткен Нұрислам Ақылбеков бір аптадан бері табылмай жатыр. Одан тауға шығып кеткен 2 шілдеден бері хабар-ошар жоқ.
Жоғалған баланың нағашысы Дархан Өмірбек Facebook парақшасында еріктілер көмегі қажет екенін жазды.
«Тауға шығуда тәжірибесі бар, дроны бар адамдар болса тіпті жақсы», – дейді ол.
Дархан Өмірбек ерікті болғысы келетіндер төмендегі нөмірлерге хабарласуын өтінеді:
Серік +7 707 825 7505
Бекнұр +7 747 783 0885