Жол материалдарын сынау нормаларын бұзған зертханаға айыппұл салынды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Жол материалдарын сынау нормаларын бұзған зертханаға айыппұл салынды/Фото: shutterstock

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының прокуратурасы 2023 жылы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезіндегі заңдылықтың сақталуы мәселесі бойынша талдау жүргізген. Оның нәтижесінде «Центргеоланалит» ЖШС аккредиттелген сынақ зертханасының қызметіне байланысты заң бұзушылықтар анықталған.

Аталған зертхана керндерді сынау кезінде белгіленген нормалардан ауытқығанын белгілі болған.

Сынақ жүргізу барысында зертхана аккредиттеу саласына кірмейтін нормативтік құжатқа сілтеме жасаған, бұл сынақ хаттамаларымен расталған.

«Прокурорлық ден қою актісінің негізінде, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 415-1-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша істер қозғап, жауапкершілікке тартты», – делінген Сауда және интеграция министрлігінің хабарламасында.

Кәсіпорынға 3 656 760 теңге көлемінде айыппұл салынып, аккредиттеу аттестатының қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылған.

Бұған дейін, Маңғыстау облысының прокурорлары Ақтау әкімдігі Каспий жағалауындағы жерді заңсыз беріп жібергенін анықтаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз