«ПСЖ» – «Реал Мадрид» ойынын қайдан көруге болады

9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні футбол жанкүйерлері Клубтық әлем чемпионаты – 2025 турнирінің жартылай финалындағы ең тартысты кездесулердің бірін тамашалайды. Францияның «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) командасы Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнайды.
Матчтың уақыты және трансляция
Ойын Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Тікелей эфирді «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
ПСЖ плей-офф кезеңінде өте сенімді ойын көрсетті. Алдымен «Интер Майамиді» 4:0 есебімен ұтса, кейін «Баварияны» 2:0 нәтижесімен жарыстан шығарды. «Реал» болса, «Ювентусты» 1:0 есебімен жеңіп, одан кейін «Боруссиядан» 3:2 есебімен басым түсті.
Турнир басталмай тұрып-ақ мамандар Луис Энрике жаттықтыратын ПСЖ клубын басты фаворит ретінде атады. Себебі жуырда париждіктер Чемпиондар лигасының финалында «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, Еуропаның басты кубогын иеленген еді.