Жай ғана қазақ қызы: Парижде «Мишлен» жұлдызы бар мейрамханада жұмыс істеп жүр

Жарияланды 9 Шілде 2025 09:01

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақ қызы Парижде мишлен шефімен бірге жұмыс істеп жүр
Қазақ қызы Парижде мишлен шефімен бірге жұмыс істеп жүр / фото: balbakerparis

Балнұр есімді қазақ қызы Le Cordon Bleu атты әлемге әйгілі аспаздық мектепті тәмамдап, бүгінде Парижде мишлен жұлдызын алған мейрамханада кондитер болып қызмет етіп жатыр. Мейрамхананың бас аспазы 2024 жылдың ең үздік шеф-кондитері атағын алған.

Балнұр бұл жаңалығымен Threads желісіндегі парақшасында бөліскен еді.

«Жай ғана Le Cordon Bleu түлегі. Жай ғана Париждегі мишлен-кондитері. Жай ғана 2024 жылдың үздік шефімен бірге жұмыс істеймін. Жай ғана қазақ қызы», – деп жазды Балнұр.

Әлеуметтік желі қолданушылары бірден қызға қолдау білдіріп, қарапайымдылығына тәнті болды:

«Сен мені шабыттандырдың! Өз әпкемдей мақтан тұтамын!»
«Қазақ қыздары – ерекше жаратылған. Ақылды әрі көркем!»
«Бұл «жай ғана» емес, бұл – жылдар бойғы еңбек пен рух мықтылығының жемісі!» деп жылы пікірлерін жазуда.

Қыздың сұлулығы да назардан тыс қалмады. Оқырмандар қыздың жымиған күлкісі «нұр шашқан», ал болмысы – «энергия мен позитивке толы» деп сипаттады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек әлемнің ең беделді театрларының бірі — Италиядағы «Ла Скала» академиясына қабылданып, Андреа Бочеллимен дуэт орындайтыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз