Алакөл маңындағы 100 млн тұратын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды – прокуратура

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алакөл
Алакөл ауданындағы жерлер мемлекетке қайтарылды / Фото: esa.int

Туристік аймақ – Алакөл маңындағы 100 млн тұратын жер учаскелері мемлекетке қайарылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, жергілікті атқарушы орган жердің тиімді пайдалануы үшін жағдай жасамаған. Атап айтқанда, Алакөл ауданының әкімдігі өкілеттігі бола тұра, уақытша жер пайдалану мерзімдері әлдеқашан өтіп кеткен жерлерді қайтармаған.

Заңға сәйкес, жергілікті атқаурыш орган жалпы көлемі 1655 гектар болатын 14 жер телімі қайтарып алуы керек болған. Ал бұл өңірде жерге деген сұраныс артқан. Прокуратура тиісті шаралар қабылдай отырып, кадастрлық құны 100 млн теңгеге бағаланатын жер телімдерін мемлекетке қайтарған.

Айта кетсек, күні кеше прокуратура Ақтау әкімдігінің тағы бір курорттық аймақ Каспий жағалауындағы жерлерді заңсыз беріп жібергені туралы хабарлады. Жергілікті атқарушы орган бір компанияға теңіз жағалауынан қосымша 0,5 гектарды еш негізсіз қосып берген. Бұл жерлер мемлекеттің жер қорына қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыз