Жарты жылда алаяқтар қазақстандықтардың 25 млрд теңгесін ұрлаған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алаяқтар қазақша «сөйлей» бастады: Оларды қалай анықтауға болады
Интернет-алаяқтар қазақстандықтарды 25 млрд теңгесін ұрлаған / Фото: kursiv.media архив

Жарты жылда интернет-алаяқтар қазақстандықтардың 25 млрд теңгесін ұрлаған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай айтты.

«Соңғы алты ай ішінде интернет-алаяқтық бойынша 11 601 жағдай тіркелген. Ал онлайн тауар үшін алдын-ала төлем алу бойынша 33 667 алаяқтық жағдай тіркеліп отыр. Жалпы, интернет алаяқтық бойынша шығын көлемі 25 млрд теңгеден асады», – деді ІІМ өкілі.

Бұл ақшаның тек 895 млн теңгесі ғана қайтарылған. Яғни біздің полиция 24 млрд теңге қаражатты қайтаруға қауқарсыз болып отыр.

Алаяқтардан сақтану үшін Жандос Сүйінбай смс арқылы келген фишингтік сілтемелер бойынша өтпеуге, телефон арқылы алаяқтарға жеке деректерді бермеуге кеңес берді.

Айта кетейік, жақында ғана алаяқтар академик Кәкен Қамзиннің үйін сатып жіберді. Жандос Сүйінбай бұл ақшаның шетелге аударылғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз