Профессор Кәкен Қамзиннің үйінің ақшасын алаяқтар шетелге транзакциялаған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алаяқтар емхана, коммуналдық қызмет мамандары ретінде хабарласатын схемаға
Алаяқтар профессор Кәкен Қамзиннің үйінің ақшасын шетелге транзакциялаған / Фото: kursiv.media архив

Профессор Кәкен Қамзиннің үйінің ақшасын алаяқтар шетелге транзакциялаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай айтты.

«Қазір заңға сәйкес ашып ештеңе айта алмаймын. Бұл қылмыс бойынша біз тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз. Мұндай қылмыстардың қайдан және қалай жасалып жатқанын білеміз. Қазір қылмыскерлердің ақшаны қалай алғаны туралы, қалай шетелге транзакциялармен кеткен туралы тексеріс жүргізіліп жатыр», – деді ІІМ өкілі.

Полиция өкілі тергеу амалдары аяқталғанша, үйге қатысты қандай да бір шаралар қолдануға тыйым салынатынын хабарлады.

Жандос Сүйінбай профессордың үйінен айырылмайды деп сенеді, себебі үйдің алаяқтық жолмен сатылғаны анық. Сонымен бірге үйді сатып алғандардың бұл қылмысқа қаншалықты қатысы бар екені тексерілмек.

Еске сала кетсек, 5 шілде күні журналист Айбар Олжай профессор Кәкен Қамзинді алаяқтар алдап, үйін сатып жібергенін хабарлады. Алаяқтар профессордың сенгіштігін пайдаланған.

Сондай-ақ оқыңыз