Қытай мен Непал арқылы өтетін өзен тасып, екі елді байланыстыратын көпір қирады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Непалда су тасқыны
Қытай мен Непал арқылы өзен тасыды / Фото: Behance / Skanda Gautam; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

8 сәуірде Қытай мен Непал арқылы өтетін өзен тасып, екі елді байланыстырып жатқан «Достық» көпірін шайып кетті. Сонымен бірге су тасқыны кезінде 8 адамның қаза тауып 20 шақты адамның із-түзсіз жоғалғаны айтылады.

Толассыз жауған жаңбыр

Соңғы 24 сағатта Тибет аймағында жаңбыр тоқтамай жауып, Бхотекоши өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, арнасынан асып кеткен. Жергілікті мамандар апатқа Тибеттегі мұздық көлдердің тасуы себеп болғанын айтады. Нөсер жауын тау басындағы мұзды көлдердің арнасынан асуына себеп болған. Нәтижесінде сол көлден бастау алатын Бхотекоши өзені тасыған.

Із-түзсіз жоғалғандар

Непал полициясы су тасқынынан қайтыс болған сегіз адамның мәйіті табылғанын мәлімдеген. Құтқарушылар 57 адамды эвакуациялаған. Қазіргі таңда Непал құтқарушылары мен полициясы із-түзсіз жоғалған 20 адамды іздестіріп жатыр. Ал Қытай тарапынан 11 адам іздестірілуде.

АҚШ-тағы су тасқыны

Еске сала кетсек, дәл осындай толассыз жаңбыр салдарынан 5 шілде күні Американың Техас штатында  Гуадалупе өзені арнасынан шыққан болатын. Бұл өзен небәрі 2 сағат ішінде 6 метрге көтеріліп, жолындағы елдімекендерді шайып кетті. Су тасқыны кезінде қыздар лагері зардап шегіп, балалар да қаза тапты.

Жалпы бұл апат кезінде 82 адамның қаза тапқаны анықталды. 10 шақты адамның әлі іздестіріліп жатқаны айтылады.

Талай адамның өмірін қиған апатқа байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Сондай-ақ оқыңыз