Су саласында істейтін мамандардың жалақысы 50%-ға өседі

Су саласында істейтін мамандардың жалақысы 50%-ға өседі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде су саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап, сала қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өскен. Яғни жалақы көлемі 163 мыңнан 204 мың теңгеге дейін көтерілген.
Енді бұл жалақыға 50% үстеме тағы қосылады.
«Биылғы наурыз айында Мәжіліс депутаттары мақұлдап, «Аквамәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын Сенатқа жолдады. Осы түзетулерді қабылдау 2025 жылдың екінші жартыжылдығында су саласы қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға – 305 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді», – делінген баспасөз хаюарламасында.
Яғни сала қызметкерлерінің жалақысы осы шілде айынан бастап көтеріледі.
Айта кетейік, 2026 жылдан басап ең төменгі жалақы мөлшері өседі. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова осы мәселені зерделеп жатқанын айтқан болатын.