Елдің ең «үздік педагогіне» 4 млн теңге төленеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Үздік педагог
Елде «Үздік педагог» байқауы басталды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Дастан Шанай

Қазақстанның ең мықты ұстаздарын анықтайтын «Үздік педагог» байқауы басталды. Сайыста жеңген мұғалімге 4 млн теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елімізде ұстаздарды қолдау мақсатында «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 1000 АЕК (3,9 млн теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы қарастырылған», – делінген баспасөз хабарламасында.

Аталмыш байқауда мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі ескеріліп, оның ұстаз ретіндегі қызметінің тиімділігі және кәсіби шеберлігі мен біліктілігі сын тезіне түседі.

Шараға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері де қатыса алады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1 кезең 8-25 шілде аралығында өтеді. Аудандық, қалалық деңгей;

2 кезең 28 шілде 15 тамыз аралығында өтетін облыстық деңгей;

3 кезең 18 тамыз 1 қыркүйек аралығында өтетін республикалық деңгей;

Ағашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтіп, бақ сынап көреді.

Байқауға қатысу үшін  uzdikustaz-nobd.edu.kz  веб-порталына тіркеліп, конкурс құжаттарын өткізу қажет.

«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Олар – балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері», – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз