Желі жұлдызына айналып үлгерген әкімдер

Әкімдер желі жұлдыздарына айналып келеді. Әрине, әлеуметтік желі заманында қоғаммен байланысты онсыз көзге елестету қиын екені анық.
Десе де, әлеуметтік желі де ерекше белсенділігімен көрінетін әкімдер бар. Үздік үштікке Абай облысының әкімі Берік Уәли, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов кіріп отыр.
Абай облысының әкімі Берік Уәли

Желі жұлдыздары атанып жүрген әкімдер арасында, сөз жоқ, Абай облысының әкімі Берік Уәли көш бастап тұр. Бұрынғы журналист әрі президенттің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған оның қоғаммен байланыста алдына жан салмайтыны анық. Өйткені, өзі де осы саланы бес саусағындай білетіні анық. Оның Instagram-дағы парақшасында 8 417 жариялым бар. Жазылушыларының саны 184 мыңнан асады.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды да әлеуметтік желіде өте танымал. Алматы қаласының әкімдігінің ресми парақшасын айтпағанда, жеке парақшасы да ұдайы жаңғырып тұрады. Тіпті, ел арасында әкімдердің ішінде қоғаммен байланысты шебер меңгергені жиі сөз болады.
Осы уақытқа дейін Instagram-дағы жеке парақшасында 1 233 жариялым жариялапты. Жазылушыларының саны 61,9 мыңнан асып жығылады. Парақшасында әкімнің қызметі туралы кең мағлұмат беріледі. Енді Tiktok-ты бағындыруға ұмтылып жатқаны байқалады. Dc_komeks деген парақшада қала әкімінің қызметі дәріптеле бастады. Әлеуметтік желідегі белсенділігі, жарияланым саны жағынан Алматының әкімі екінші орында.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Іnstagram-дағы парақшасына 1 174 жазба жариялаcа, парақшасына 59, 9 мың адам жазылған. Онда әкімнің аудандарды, өндіріс орындарын аралағанын көруге болады. Облыс әкімінің жеке қабылдауына қалай жазылуға болатыны туралы нақты деректер көрсетілген.
Ол да өзге әкімдер секілді парақшасында мерекелер мен айтулы даталарға орай тұрғындарға ұдайы құттықтаулар жазып отырады.
Ассайын Байханов қоғаммен байланыс, желіге жазба жариялаудан әкімдер арасында үшінші орынды иемденіп отыр.
Іnstagram-да белсенді әкімдер

Шығыс Қазақстан әкімі Нұрымбет Сақтағанов 939 жариялым жасаған. 12,5 мың оқырманы бар.
Ал Қарағанды облысының әкімі Ермағанбек Бөлекбаевтың 755 жариялымын 9 797 жазылушысы қараған.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те 737 жарияланым, 5 130 жазылым болса, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 608 жарияланым мен 26,4 мың жазылушыны қанағат тұтқан.
Әкімдердің кейбірі Tiktok-ты бағындыруды көздейтіні байқалады. Мәселен жизнь_шымкент17 деген парақша Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті дәріптейді. Бұл жерде 32.8 мың адам жазылған. Осы уақытқа дейін 1,6 млн лайк жинаған. Ал Іnstagram-да көрсеткіші – 584 жариялымы, 98,3 мың жазылушы.
Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің 317 жарияланымы, 7 437 жазылушысы бар. Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевке келсек, ол 289 жариялым, 25,9 жазылушымен шектелген. Нұрлыбек Нәлібаев 191 мың жазба жария еткен, 34, 8 мыңға жуық оқырманы бар.
Қандай әкімдер желіде белсенді емес?
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов небәрі 20 жазба жариялапты. Жазылушылары да көп емес – 5 549 ғана.
Ал Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шалқаровтың, Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың және Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаевтың жеке парақшасы Instagram-нан мүлде табылмады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та әлеуметтік желіден көрінбейді. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев пен Ұлытау облысының әкімі Дастан Ырыспековті де желі жұлдызы дей алмаймыз.
Мұның алдында кейбір әкімдердің бизнесі туралы жазған едік.