Сақтандыру компанияларына маркетплейстер құруға рұқсат берілді

Жарияланды 9 Шілде 2025 15:06

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: shutterstock

Сақтандыру ұйымдары өз бетінше маркетплейстер құрып, ІТ-компаниялардың акцияларын сатып ала алады. Бұл жайлы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен хабарлайды.

Сондай-ақ аталған ұйымдарға өз әрекетін автоматтандырып, онлайн-қызметті дамыту үшін бағдарлама жасауға да мүмкіндік береді. Сақтандыру ұйымдары мен холдингтер IT-компаниялардағы акцияларды сатып алып, үлес иелене алады.

«Бұл оларға жаңа цифрлық өнімдерді белсенді дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және клиенттік сервистің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 30 маусымда осындай заңға қол қойды. Ол екі айдан кейін күшіне енуі қажет.

Осыған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің әрекетіне қатысты заң жобасын қатаңдатты. Енді банктерді барлық жаңа өнімдер туралы, сондай-ақ ескі өнімдердің шарттарындағы өзгерістер жайында ақпарат беруге міндеттемек. Ал клиент 3,9 миллион теңгеден (яғни 1000 АЕК) жоғары тұтынушылық несие алса, онда банк немесе МҚҰ оның жұбайынан жазбаша келісім сұрауы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз