
Бейсенбі, 10 шілдеге арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қазір 1 АҚШ доллары 518,97 теңге тұрады. Ұлттық валюта бағамы нығайса, Bitcoin бір орында тұр.
Доллар арзандады
Доллар бір тәулікте 0,61 теңгеге арзандады. Жалпы алғанда, шілде айы ұлттық валюта үшін айтарлықтай тұрақты болды. Теңге 24 маусымнан бері шамамен 518-520 теңге аралығында сақталып тұр. Салыстырар болсақ, тура бір ай бұрын доллар 508 теңге болған. Содан бері АҚШ валютасы шамамен 11 теңгеге күшейгенімен, кейінгі бірнеше күн бойы теңге құнын айтарлықтай жоғалта қойған жоқ.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау мекемелерінде бір доллар 519 теңгеден қабылданып, 520,5 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 516 және 523 теңге.
Bitcoin бір орында тұр
Өткен аптаның аяғында 110 мың долларды бағындырған Bitcoin (BTC) осы аптада ол биікке қайта көтеріле алмады. Қазір BTC шамамен 108,8 мың доллар тұрады. Кеше де солай болған. Биткоин бірнеше күннен бері бір орында тұр.
Биткоин капиталы – 2,164 трлн доллар. Сейсенбі күні де солай болған.
Бұған дейін мамандар осы айда биткоин 115-118 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжаған. Сарапшылар осы ойынан әлі де айныған жоқ.
Есесіне Ethereum (ETH) бағамы көтеріліп жатыр. Ол бір тәулікте шамамен 1,86%-ға нығайды. Қазір ETH шамамен 2 613 доллардан сатылып жатыр. Кешеден бері Эфириум шамамен 50 долларға көтерілген. Эфириум капиталы – 315 млрд доллардан асты. Капитал бір тәулікте 4 млрд долларға көбейді.
Binance Coin (BNB) токені аздап құнын жоғалтып жатыр. Ол қазір шамамен 660 доллар тұрады. Айта кетейік, Бинанс Коин тәулік басында 664 долларға дейін көтерілген еді. Бірақ түстен кейін қайтадан орнына келді. BNB-дің нарықтағы құны – шамамен 93 млрд доллар.