Қазақстанда темекі тағы 12%-ға қымбаттады

Қазақстанда ең арзан темекі бағасы 12,1%-ға көтеріліп, 920 теңге болды. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жыл аяғына дейін осындай баға белгіленді. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Мәди Такиевтің жарлығында айтылған.
Қаржы министрлігінің басшысы 2022 жылғы 22 ақпандағы «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрықты өзгертті.
Жаңа жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі баға 970 теңгеге дейін көтеріледі.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі өнімдерінің бағасын 2035 жылға дейін 50%-ға көтеруге шақырған. Ұйым сол арқылы қант диабеті, жүрек аурулары мен қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтуға болады деп санайды.
Жыл басынан бері Қазақстанда 1,8 млрд теңгенің вейпі тәркілеген.