SCAT 10 тамыздан бастап Алматы-Минск рейсін іске қосады
Жарияланды

SCAT Airlines 10 тамыздан бастап Алматы мен Минск арасында тікелей рейс ашады. Бұл жөнінде әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Рейстер аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады:
- DV807 — Алматыдан Минскіге ұшу,
- DV808 — Минскіден Алматыға кері рейс.
Жаңа бағыт Қазақстан мен Беларусь арасындағы көлік байланысын нығайтып, туризм, іскерлік сапарлар мен мәдени алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер ашпақ.
Билеттерді әуекомпанияның ресми www.scat.kz сайтынан алуға мболады.
Еске салайық жуырда, SCAT әуе компаниясының Шымкент – Үрімші бағытындағы алғашқы тікелей рейсі ұша бастады. Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Ал Үрімші қаласынан Шымкентке рейстер сәрсенбі мен сенбі күндері жүзеге асырылады.