LRT рельсін төсеу жұмыстары тамызда аяқталады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
LRT рельс жолының 80%-ы төселді/фото: Kursiv.media

LRT рельс жолының 80%-ы төселді. Бұл туралы CTS хабарлады.

«10 шілдедегі жағдай бойынша, LRT желісінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымның 18 шақырымына жолдың үстіңгі құрылысы төселді. Бұл бүкіл желінің 80%-ын құрайды», – делінген ақпаратта.

Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті немесе төмен легирленген болаттан жасалған рельстер қолданылады. Темір ылғал мен ауа әсерінен тотығады, соның салдарынан бетінде тат пайда болады.

«Барлық рельс жаңа және арнайы LRT жобасы үшін 2025 жылы шығарылған. Жаңа рельстерде таттың пайда болуы ақау емес, табиғи құбылыс. Бұл – рельстік болатқа тән стандартты ерекшелік, ол инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен беріктігіне әсер етпейді», – делінген компания таратқан ақпаратта.

Рельс төсеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Жолдың үстіңгі құрылысы 2025 жылғы тамыздың соңында аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз