5 жылға сотталған Мейіржан Төребаев туралы не білеміз

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мейіржан Төребаев туралы не білеміз/фото: коллаж kursiv.media

Жақында актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты. Ол 2023 жылы Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 жылға сотталған. Онымен бірге вайнер Мейіржан Төребаев та сотталды. KursivMedia Мейіржан Төребаев туралы ақпарат пен вайнерге қатысты қылмыстық іс туралы ақпаратты жинақтады.

Актер әрі вайнер

Мейіржан Төребаев – актер, сценарист, продюсер, вайнер. НТК арнасындағы «Патруль» телехикаясында Берік рөлі арқылы танымал болды. Сондай-ай Instagram желісінде отбасылық вайн түсіреді. Әйелі Дана Есеева да блогер ретінде белгілі. Ерлі-зайыптының бес баласы бар.

Қаржы пирамидасына қатысы бар

Төребаев 2022 жылы «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.

Мейіржан Төребаев компания құрамында жарнама жасау, үгіт-насихат жұмыстарымен айналысқан.

Сондай-ақ Төребаев Mudarabah Capital құрылтайшысы қатарында болған.

Шерниязов пен Төребаев қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыппен келіспеді және кінәсін мойындамады.

2023 жылғы 23 маусымда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Мейіржан Төребаевты 5 жылға бас бостандығынан айырып, 5 жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салды.

Басқа кімдер сотталды?

Судья үкімімен сотталды:

Алмас Құрманғалиев 14 жылға бас бостандығынан айырылды;

Дания Рахимова 10 жылға бас бостандығынан айырылды;

Ержан Мансұров 9 жылға бас бостандығынан айырылды;

Ерлан Мансұров 9 жылға бас бостандығынан айырылды;

Руслан Бұрқанов (Mudarabah Capital ЖШС директоры) 12 жылға бас бостандығынан айырылды;

Нұрлан Сұлтанбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

Андрей Ча 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

Самат Қасенов 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

Мейіржан Төребаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды;

Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұл-қызымен кездесуге барды

2024 жылдың мамырында Мейіржан Төребаев үйіне барды. Мұны әйелі Дана Есеева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Мейіржанның заңда белгіленген қысқа мерзімді демалысы бар. Балалардың бақыттан басы айналып отыр», – деп жазды Есеева.

Төребаев сомдаған рөлдер

Ол қазақстандық «Патруль» телесериалында басты рөлдің бірі – Берік образын сомдады.

2019 жылы шыққан «Красавчики до нашей эры» комедиясында да ойнаған.

2019 жылы әйелімен бірге «Семейные страсти» фильмінде, 2018 жылы «Регистратор» фильмінде басты рөлді сомдаған.

Сондай-ақ оқыңыз