Жаңалықтар

Jusan Invest брокері атауын Alatau City Invest деп өзгертті

Alatau City Invest"
Jusan Invest топ-менеджерлеріне қанша ақша төледі / Фото: Асқар Ахметулин, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«First Heartland Jusan Invest» акционерлік қоғамы өзінің ресми атауын «Alatau City Invest» акционерлік қоғамы деп өзгертті. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хабарламасында мәлімдеді.

Сонымен қатар, атқарушы орган мүшелеріне төленген сыйақы көлемі туралы мәліметті жария етті.

2024 жылы компанияның атқарушы орган мүшелеріне төленген жиынтық сыйақы сомасы 187,9 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш компания төлеген бүкіл жалақы мен ақшалай сыйақыларды қамтиды.

Брокердің басқарма құрамында бес адам болса, директорлар кеңесінде үш адам бар.

Брокердің 100 пайыз жай акциясы First Heartland Jusan Bank акционерлік қоғамына тиесілі. Jusan Bank жақында атауын Alatau City Bank деп өзгертті.

Қазіргі уақытта Jusan Bank-тің негізгі иесі – кәсіпкер Ғалымжан Есенов. Оның бақылауындағы First Heartland Securities компаниясы банктің 79,89% акциясына ие. Ал қалған бөлігі тікелей өзіне тиесілі.