
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын баспана алуға жиі пайдалана бастаған. 2025 жылғы маусымда осы мақсатта 82,5 мың өтініш орындалған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 35%-ға көп артық.
Бірінші несие бюросының мәліметінше, бұл соңғы жарты жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Алайда бір адамға тиетін орташа сома азайып отыр. Маусымда бір өтінішке орта есеппен 528 мың теңге берілген: 2023 жылдан бері тіркелген ең төмен көрсеткіш. жалып бір айда қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы артық жинағынан баспана алуға 43,6 млрд теңге теңге шешкен.
Емделуге деп өтініш бергендер де көбейді. Олардың қатары 40 мыңнан асқанымен, төлеген орташа сома азайған: 797 мың теңге. Жалпы осы бағытта зейнетақы қорынан 31,9 млрд теңге төленген.
2025 жылдың басынан бері Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы 22,6 трлн теңге зейнетақы активінің ивесттабысы теріс қалыптасты. Қор салымшылары жалпы сомасы 231,54 млрд теңге жоғалтқан. Бұл – минус 1,05% деңгейіндегі табыстылықты білдіреді.