
«ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы 2024 жылғы топ-менеджерлеріне 234,7 млн теңге сыйақы төлеген. Бұл ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.
Компания мәліметінше, былтыр атқарушы орган мүшелеріне төленген жиынтық сыйақы сомасы 234,727 млн теңгені құрады. Бұл сома жалақы, сыйақы және басқа да ақшалай ынталандыру түрлерін қамтиды.
«Рахат» фабрикасы – Қазақстандағы ең көне әрі ірі кондитер кәсіпорындарының бірі.
Кейінгі жылдары ол толығымен шетелдік инвесторлардың, нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery Co., Ltd. компаниясының бақылауына өтті.
LOTTE 2013 жылы «Рахат» компаниясының акцияларының басым бөлігін сатып алған еді, ал 2021 жылы акционерлік құрылымнан қалған жергілікті инвесторлар да үлестерін сатқаннан кейін, кәсіпорын 100% кореялық компанияның меншігіне өтті.
2024 жылы компания 6,3 млмр теңге таза пайда тапқан. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,4 млрд теңгеге аз.