ПСЖ «Реалды» ойсырата жеңіп, клубтық әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Испанский хавбек «ПСЖ» Фабиан Руис оформляет дубль в ворота «Реала»
ПСЖ клубтық әлем чемпионатының финалына жолдама алды / фото: fifa.com

АҚШ-та өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатының екінші жартылай финалында тартысты ойын бола қоймады. Еуропаның қазіргі чемпионы – Францияның «Пари Сен-Жермені» испаниялық «Реалды» 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, финалға жолдама алды. Енді париждіктер шешуші матчта ағылшындық «Челсимен» бақ сынасады.

ПСЖ (Франция) – Реал (Испания) – 4:0 (3:0)
Гол авторлары:
Фабиан Руис (6, 24), Усман Дембеле (9), Гонсалу Рамуш (87)

Бұл екі команданың Еурокубоктағы жолы соңғы рет 2021/22 жылғы Чемпиондар лигасында тоғысқан еді. Ол кезде «Реал» Парижде 0:1 есебімен ұтылып, Мадридте 3:1 есебімен реванш алған болатын. Бірақ үш жылда көп нәрсе өзгерді: Месси АҚШ-қа кетті, Мбаппе «Реалға» ауысты, ал ПСЖ тізгінін Луис Энрике алды. Ал мадридтіктердің бұрынғы үстемдігі бұл жолы көрінген жоқ.

Париждіктер басынан-ақ басымдық танытты. 10 минут өтпей жатып есеп 2:0 болды. «Реалдың» орталық қорғаушылары – Рауль Асенсио мен Антонио Рюдигер – өрескел қателіктер жіберіп, Фабиан Руис пен Усман Дембеле өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді.

24-минутта Руис әдемі комбинацияны түйіндеп, дубль жасады. Екінші таймда Дезире Дуэ бір гол соққанымен, офсайдтың кесірінен есепке алынбады. Ал 87-минутта Гонсалу Рамуш «Реалдың» қорғанысын тағы да тесе өтіп, төртінші голмен матчтың нүктесін қойды.

Жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның шәкірттері бұл ойында әлсіз көрінді. Сондай-ақ, «Реал» сапында Лука Модрич үшін бұл соңғы ойын болатын.

Сондай-ақ оқыңыз